Тамызда Ай екі рет толады

Тамызда Ай екі рет толады
Сурет: Qarmaqshy-tany.kz

2023 жылдың тамыз айында сирек кездесетін астрономиялық құбылыс болады.

Бір ай ішінде – 1 және 31 тамыз күндері екі рет ай толады және бұл соңғы 42 жылда бірінші рет болмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Мәскеу планетарийінің» мәліметіне сәйкес, мұндай жағдай 2000-2042 жылдар аралығында бір рет қана болады. Мамандар түсіндіргендей, екі толық Ай арасындағы уақыт аралығы 29, 53 күн. Бұл айдың орташа ұзақтығынан сәл қысқа. Сондықтан ~2,7154 жыл ішінде күнтізбеде қосымша толық ай жиналып, бір жылда әдеттегі он екі емес, он үш толық ай болуы мүмкін екенін еске салады.

31 тамыздағы суперай кезінде жер тұрғындары 2023 жылдың ең үлкен толық айын көре алады. Бұл күні ай перигейге мүмкіндігінше жақын болады (Жерден ең аз қашықтық).

Астрономдардың айтуынша, толық Ай фазасының ай орбитасының перигейімен ең жақын сәйкес келуі 2023 жылдың 31 тамызында болмақ. Ай өз орбитасының перигелиясында 30 тамызда сағат 21:52-де болады. Ал толық Ай фазасы Астана уақыты бойынша 07:37-де өтеді. Бұл оқиғалар арасындағы айырмашылық 9 сағат 45 минутты құрайды.