Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды
Сурет: Kapital.kz.

Президент Жарлыққа қол қойды.

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын» делінген Президент жарлығында.