Бүгін - Халықаралық аспаздар күні

Бүгін - Халықаралық аспаздар күні
Сурет: Baribar.kz

20 қараша күні жыл сайын Аспаздар күні атап өтіледі

Халықаралық дата 2004 жылы кулинарлық қоғамдастықтардың дүниежүзілік қауымдастығының бастамасымен бектілген. Бұл ұйымға әлемнің түрлі елдерінен 8 млн өкіл мүше. Сол себепті әлемдік асхана шеберлері өз мерекелерін атап өтетініне таң қалудың қажеті жоқ. 

Халықаралық аспаз күні бүгінгі таңда әлемнің 70-тен астам елінде тойланады. Кулинарлардан бөлек мерекелік шараларды ұйымдастыруға билік органдарының өкілдері, туристік компания қызметкерлері, сонымен бірге, қоғамдық тамақтану орындарының - шағын дәмханалар мен танымал мейрамханалардың иелері тікелей атсалысады. Олар аспаздар арасында шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, бірегей ас мәзірін әзірлеп, оған дегустация жасап, тәжірибе алмасады. 

Аспаз кәсібі - әлемдегі жоғары сұраныстағы әрі ежелгі мамандықтардың бірі. Аңшылықтан кейін еттің алғаш рет қалай дайындалғаны жөнінде тарихи деректер жоқ. Дегенмен, кулинария саласына есімі берілген әйел жайлы аңыз бар. 

Ежелгі гректер емшілік Құдайы Асклепийге (римдік Эскулап) табынған. Оның қызы Гигея денсаулықтың қорғаушысы деп саналды (айтқандай, оның есімінен "гигиена" сөзі қалыптасқан). Ал олардың барлық істегі көмекшісі Кулина есімді тамақ пісіруші болған. Ол аспаздық өнерге қамқорлық жасаған. "Кулинария" деген сөз осы кісінің атынан шыққан. 

Тамақ әзірлеу туралы алғашқы рецепттер қағаз бетіне Вавилон, Ежелгі Мысып және Ежелгі Қытайда, сондай-ақ, Шығыстағы араб елдерінде  түсірілген.