Елімізде айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңге болады

Елімізде айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңге болады Сурет: Akchabar.kg

Заң жобасында осылай көрсетілген.


Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3 180 теңге болады. Мұндай түзету «2022- 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында көзделген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында талқылауға шығарылған заң жобасында 2022 жылғы 1 сәуірден бастап:


- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;


- зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;


- жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;


- базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 37 389 теңге болып белгiленген.


Айта кетерлігі, 2022 жылдың қаңтарында ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңгеге дейін, ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 19 450 теңгеге дейін өсті.


Сонымен бірге, жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге болып бектілді.


Ал базалық әлеуметтiк төлем мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 36 018 теңгеге дейін артты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07