Талғат Ешенұлы «Айқын-Литер» ЖШС директоры болып тағайындалды

Талғат Ешенұлы «Айқын-Литер» ЖШС директоры болып тағайындалды
Сурет: Aykin.kz

Белгілі журналист, ақын Талғат Ешенұлы «Айқын-Литер» ЖШС директоры болып тағайындалды  – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aikyn.kz.cілтеме жасап.

Талғат Ешенұлы 1974 жылы 15 қазанда қазіргі Абай облысы Аякөз ауданы Тарбағатай ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті Журналистика факультетінде оқыған.

1996-1997 жылдары халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінде, 1997-1998 жылдары «Жас алаш» республикалық газетінде тілші, қоғамдық-саяси бөлімнің меңгерушісі болып қызмет істеді.

1998-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде түрлі жауапты қызметтер атқарды.

2004-2005 жылдар аралығында «Жас алаш» газетінің Астанадағы тілшілер қосынының жетекшісі болды.

2005-2008 жылдары «Жас қазақ» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 2008-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі.

2009-2010 жылдары «Нұр Отан» партиясы (қазіргі «Amanat»  ред.) төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі. 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамында бас менеджер болып қызмет еткен.

«Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің «әдебиет», «журналистика» номинациялары бойынша (1999 жыл, 2000 жыл) жеңімпазы. Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтардың лауреаты.

ҚР Президенті стипендиясының (1999 жыл), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2006 жыл). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, «Абай» халықаралық медалімен марапатталған.