Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау – әрбір азаматтың қасиетті парызы - Әлихан Смайылов

Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау – әрбір азаматтың қасиетті парызы - Әлихан Смайылов
Сурет: Egemen.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ел тарихындағы қастерлі де ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"16 желтоқсан – "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданып, тұтас әлем егеменді Қазақстанды ресми түрде алғаш мойындап, азат ел, дербес мемлекетіміздің берік негізі қаланған айрықша күн. Бұл күн – азаттық алуға зор үлес қосқан ұлт қайраткерлерін ұлықтап, сол жолда өмірлерін құрбан еткен батырларымыздың рухына тәу етер тағзым күні. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Осынау ұлық мерекеде отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Ел іргесі берік, көк туымыз әрқашан биік болғай!" - делінген құттықтауда.