Сұлтан Зәуірбек қарсыласын нокаутпен жеңді

Сұлтан Зәуірбек қарсыласын нокаутпен жеңді
сурет: prosports.kz

Зәуірбектің қарсыласы аргентиналық Факундо Арсе болды.

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек Англияның Болтон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz sports.kz сілтеме жасап.

Зәуірбектің қарсыласы – аргентиналық Факундо Арсе болды. Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы бесінші раундта оппонентін техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокс мансабында 14-інші жеңісіне қол жеткізді. Айта кетсек, ол WBO European нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпион. Белдікті 2021 жылдың шілдесінде жеңіп алған болатын. Бұған дейін оған WBC-тің жастар арасындағы әлем чемпионы титулы да тиесілі еді.