Биыл елімізге қанша шетелдік келді?

Биыл елімізге қанша шетелдік келді?
Сурет:Rbc.ru

Келгендердің жартысынан көбі - Ресей азаматтары.

Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықовтың мәлімдеуінше, 2022 жылы Қазақстанға бес миллионнан аса шетелдік келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Биыл Қазақстанға бес миллионнан аса шетелдік келген. Бірінші орында Ресей Федерациясының азаматтары – 2 миллион 900 мың. Екінші орында Өзбекстан азаматтары - 2 миллион 300 мың, Қырғызстан азаматтары - 730 мың, Тәжікстаннан 330 мыңнан аса адам келген, ал 90 мыңға жуығы - Түркия азаматы», - деді Аслан Аталықов.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 650 мың шетелдік уақытша тұрып жатыр. Ал алты миллионға жуық адам елден кеткен.