Сумен ойнама!

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Республикалық жедел-құтқару жасағымен бірлесе отырып, 19 мамырда сүңгуірлердің оқу-жаттығу жұмыстарына арналған пресс-тур ұйымдастырды. Шара барысында Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, аға лейтенант Сұлтанов Есбол Мирасұлы жұмыстары жайында айтып берді.