Әуезов ауданының төрт учаскесінде су құбыры мен кәріз желілері жаңартылады

Әуезов ауданының төрт учаскесінде су құбыры мен кәріз желілері жаңартылады
nurmedia.kz
Бұл туралы Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.
"Достық", "Мамыр-4" шағынаудандары, «Саин - Шаляпин - Жандосов - Қарғалы өзені» көшелерінің бөлігі, Арычная, Ықылас, Западная көшелерінің учаскесі.

Осы учаскелерінде су құбыры желілері мен кәріз жүйесі жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған. Қазір оның 80%-дан астамы тозған.

Қараша айының соңында "Достық" шағынауданындағы 22 көше бойынша жоба сараптамасының қорытындысы алынды. Желілердің құрылысы биыл 2-ші тоқсанда басталады.

ЖСҚ аяқтап, сараптама алынады:
"Мамыр-4" шағынауданы – биыл маусымда.
 Арычная, Ықылас, Западная көшелері – наурыз, құрылыс биыл III тоқсанда басталады.
Саин - Шаляпин - Жандосов - Қарғалы өзені – тамыз. Құрылыстың басталуы – 2023 жылғы IV тоқсан
«Осы жобаларды 2024 жылдың соңына дейін іске асыру 11 мыңнан астам абонентті сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Ерболат Досаев.