Қазақстанда ауылшаруашылық техникасын құрастыру қарқынды дамуда

Қазақстанда ауылшаруашылық техникасын құрастыру қарқынды дамуда
Сурет: Fabricators.ru

Ауылшаруашылық техникасын жасау экономиканың қарқынды көрсеткішінің бірі болып табылады

Елімізде ауылшаруашылық техникасын құрастыру көлемі артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанда машина жасау ісінің әлеуеті артып келеді. Елімізде дәл осы сала экономикалық көрсеткіштер бойынша көш бастап тұр.

Әсіресе, отандық ауылшаруашылық техникасын шығару қарқын ала түскен. Өсім 300% құрап отыр.

Бұл жөнінде алғашқы халықаралық көрмеде белгілі болды. Ол қазақстандық машина құрастырушылардың 9-шы форумы аясында елордада өтіп жатыр.

«Бір алаңда бірнеше бағыттың қамтылғаны қуантып отыр. Бұл жерде өндірушілер, инвесторлар, атқарушы билік өкілдері жиналған. Барлығымыз бірлесіп шешімін күткен ортақ күрмеулі мәселелердің түйінін тарқатамыз. Бұл шынымен де солай», - деді Беларусьтегі станок шығаратын компанияның өкілі Лилия Лукоянова.