Судың да сұрауы бар...

Судың да сұрауы бар...
Сурет: ашық дереккөз

Жолдауда су мәселесі де Президент назарынан тыс қалмады

Президенттің Жолдауын ұжымымызбен шын ықыласымызбен тыңдадық. Бұл Жолдауда өте өзекті мәселелер көтерілді. Жол мәселесі сөз етілді. Бірнеше министрліктердің жұмысы сөз етіліп, жаңадан екі министрлік құруды ұсынды. Сонымен қатар, соңғы кездері көп орын алып жатқан өнеркәсіптегі қызметкерлердің қауіпсіздік мәселесіне ерекше тоқталды.

Тағы бір маңызды мәселе - салық. «Мен экономиканың әртүрлі секторларында бұрын жариялаған салық ставкаларын саралау өндірістің күрделілігін арттыруға пропорционалды түрде салық жүктемесін бөлуді қамтамасыз етуі керек. Кәсіпкерлер қосылған құн салығын қайтарудың күрделі процедурасына шағымданады. Бұл елдегі инвестициялық ахуалды айтарлықтай нашарлатады. Үкімет бұл ескі мәселені тез арада шешуі керек», -деп тоқталды Мемлекет басшысы.

Ал әлемді алаңдатып отырған су мәселесін көтеруі өте орынды. Соңғы кездері климаттық жағдайға байланысты дүниежүзінде ауыз су тапшылығы байқалып келеді. Оның сапалы болуы су құбырларына байланысты болып отыр. Негізінен су басты бақылауда тұруы керек. Ал су құбырларының тозуы ауыз су сапасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан су қоймаларын көбейтіп, құбырларды жаңартуымыз керек. Енді жаңадан Су ресурстары және ирригация министрлігін құру туралы идеясын қолдаймын.

Табиғи судың 30 пайызын пайдалансақ, 70 пайызы табиғаттың өзіне керек етілуі тиіс. Алайда бүгінгі таңда үлкен қалаларымызда су тапшылығы қатты сезілуде. Мәселен Астана қаласын салып жатқан кезде санитарлық дәрігерлер бес жылдан кейін су тапшылығы пайда болатыны туралы дабыл қаққан еді. Қала болған соң адам саны артады. Ал мұндағы су қоры қаланың бес жүз ары барғанда жеті жүз халқын ғана қамтамасыз етуге жетеді. Міне, шамада арадан он жыл өткенде мамандардың айтқаны айдай келді. Сондықтан ғалымдарды тарту арқылы кез келген жоба жоспарды жүзеге асырса екен деген ой келді. Жалпы айтылды жүзеге асыру керек деген бағамда жүруге болмайды. Кез келген мәселені жан жақты қарастырып барып шешкен жөн. Өткенде Президент Алматының су резеруарын көзбен көріп, осы жағында алдағы уақытта қадағада ұстауын тапсырған болатын. Демек, өзекті мәселе Мемлекет басшысының назарында екенін көруге болады.