Алматы мектептерінің бірінде жоғары сынып оқушылары үшін инновациялық корпус ашылды

Алматы мектептерінің бірінде жоғары сынып оқушылары үшін инновациялық корпус ашылды
Almaty-akshamy.kz

Алматы мектептерінің бірінде жоғары сынып оқушылары үшін инновациялық корпус ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектепте 7-11 сынып оқушылары үшін инновациялық корпус ашылды. Ол 520 оқушыға арналған. Мектеп қазақ және орыс тілінде оқитын 1-11 сынып оқушыларына барлығы 1320 оқу орнын ұсынады.

Жаңа ғимараттың ерекшелігі, дамудың 9 бағытын көздейтін жеке бағыт аясында оқушыларды дербес оқыту. Әр бағыт бойынша мектеп түлектері тиісті сертификаттар, дипломдар мен грамоталар алады.

Инновациялық ғимаратта 600 шаршы метр спорт залы, үлкен киіз үй түрінде салынған 80 орындық озық кітапхана, 3 жоғары жабдықталған дәріс залы, 360 градусқа арналған LED экранды амфитеатр, 400 орындық асхана, хореография, дзюдо залдары, оқушылардың демалуына арналған 10-нан астам шығармашылық аймақ, асхана және т.б. бар.

«Инновациялық корпустың ашылуы мектеп құрылғалы жоспарланған жаңа бағыттағы тағы бір маңызды қадам. Бұл біздің білімге деген жеке көзқарасымызға, әр оқушының өзіндік амбициясы мен қажеттілігі бар ерекше тұлға екенін түсінуге деген сеніміміздің дәлелі. Оқушылар өздерінің кәсіби саласында ғана емес, сонымен қатар, мәдени мұрамызды мақтан тұтатын үйлесімді тұлғаларға айнала отырып, барлық жағынан дами алатын оқу ортасын құрдық», - деді мектептің негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова.

Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп (Shoqan School) 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл барлық халықаралық экологиялық стандарт бойынша салынғанын куәландыратын LEED сертификатын алған ТМД аумағындағы алғашқы әрі жалғыз білім беру нысаны. 2023 жылдан бастап мектеп Біріккен Ұлттар Ұйымының (UN Global Compact) жаһандық шартының толық мүшесі болып табылады.

Білім беру үдерісі үздік халықаралық тәжірибелер мен сапалы білімге тең қолжетімділікті ескере отырып құрылған мектептің негізін қалаушылар үздік оқушыларға тегін оқуға гранттар бөледі және оларды ақшалай шәкіртақымен ынталандырады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Ким Гузель

PR менеджері

+7 777 780 01 00

https://www.instagram.com/shoqan_school.kz/