«Қазақстан - біздің шаңырағымыз» азаматтық қозғалысының өкілдері Президент Жолдауын талқылады

«Қазақстан - біздің шаңырағымыз» азаматтық қозғалысының өкілдері Президент Жолдауын талқылады
almaty.tv

Алматыда «Қазақстан - біздің шаңырағымыз» азаматтық қозғалысының өкілдері Президент Жолдауын талқыға салды

Бас қосуда 40-тан астам қозғалыс өкілдері Мемлекет басшысы ұсынған бастамаларды іске асырудың негізгі тетіктерін саралады. Жолдауды қолдағандардың арасынан ауған соғысының ардагерлері де табылды.

«Қазақстанға серпіліс керек. Сол серпіліс, міне, басталды. Қаңтарда басталды. Біз бәріміз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Шағын істерімізбен Қазақстанды жаңа серпіліске жеткізуіміз керек», – деді «Қазақстан – біздің шаңырағымыз» азаматтық қозғалысының мүшесі Марк Бейдали.