Су тасқынынан көлігі бұзылғандарға өтемақы төлене ме?

Су тасқынынан көлігі бұзылғандарға өтемақы төлене ме?
Сурет: интернеттен

Бұдан бұрын біз өтемақыны алу үшін қайда бару керектігін жазғанбыз.

Егер көлік табиғи апат салдарынан бұзылса, заң бойынша көлік иелеріне өтемақы төленуі керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өтемақы алудың тәртібі табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты болған шығынның орнын толтыру туралы ережеде көрсетілген.

Мысалы табиғи апатқа дейін КАСКО полисін рәсімдеген немесе басқа да компанияларда табиғи апаттардан сақтандырылған көліктерге мемлекеттен ештеңе төленбейді. Бұл жерде сақтандыру компаниясы 15 күн ішінде өтемақы төлеуге міндетті.

Автокөлікті бағалау бойынша бірнеше талапқа назар аударылады. Ең маңыздысы – көліктің құны мен шыққан жылы. КАСКО-ның сақтандыру бағасы көлік құнының 2-ден 5 пайызына дейін барады.

Кейінгі жылдары өз еркімен көлігін сақтандыратын азаматтар саны артқан. Мәселен былтыр сақтандыру бойынша шамамен 30 мың келісімшарт жасалған.