Студенттердің стипендиясы екі есе көбейеді

Студенттердің стипендиясы екі есе көбейеді
Сурет: интернеттен

Бұл – 2025 жылға дейінгі мақсат.

Тамара Дүйсенова Жоғары білім және ғылым форумында студенттердің стипендиясы жайлы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Студенттердің стипендиясы 2025 жылға дейін екі есеге өседі. Яғни 26 мың теңгеден 52 мың теңгеге дейін. Соңғы 3 жылдың өзінде университетте оқитын студенттің оқу ақысы 420 мың теңгеден миллион теңгеге дейін өсті. Бұл шамамен 2,5 есе», - деді Дүйсенова.

Министр стипендияны төлеу автоматтандырылғанын атап өтті.

«Стипендияны уақытында төлеу үшін ол Қаржы орталығы арқылы орталықтандырылған. Бұл процестің барлығы цифрландырылады. Ол университет пен министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады»,- деді ол.