Студенттер мен оқушылар қашықтан оқиды

Студенттер мен оқушылар қашықтан оқиды
Сурет: Zakon.kz

20-24 ақпан аралығында Екібастұз қаласындағы мектептер, колледждер және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары ЖЭО апатының салдарына байланысты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, қалада жылу беру оңтайлы параметрлерге шығарылды. Алайда білім беру ұйымдары мен үй-жайларды жылыту үшін біраз уақыт керек. 

«Білім беру ұйымдарында температура мониторингі күн сайын жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес, температуралық режимге жеткен кезде, мектептер, колледждер және қосымша білім беру ұйымдары жеке тәртіппен штаттық оқу режиміне ауыстырылады», - деп атап өтті қаланың білім бөлімі.

Ал балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейді.