СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР МЕКТЕП ПАРТАСЫНА ОРАЛДЫ

СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР МЕКТЕП ПАРТАСЫНА ОРАЛДЫ
Сурет: Дереккөз

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемедегі (балалар колониясы) жазасын өтеуші жасөспірімдер  үшін жазғы каникулдан соң мектеп партасына қайта отыру үлкен қуаныш болды , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz . 

Балаларды алғашқы болып құттықтаған сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің міндетін атқарушы әділет капитаны Е.Сабитов мұғалімдер мен оқушыларға жаңа оқу жылында мол табыстар тіледі.
№11 мекемеде 2022 жылы қыркүйек айында барлығы 6 сынып жабдықталды. Бүгінде аталған мекемеде 44 жасөспірім жазаларын өтеп жатса, оның жетеуі орта мектепті бітіргендер. Оқушыларға барлығы 11 ұстаз сабақ береді. Мұғалімдер құрамы тәжірибелі ұстаздардан құралған. 

«Биылғы білім күні Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жариялаған күнмен тұспа-тұс келді. Қазақстан президенті Қ-Ж. Тоқаев өз жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деп, өскелең ұрпақтың болашағына тағы да үлкен мән берді»,  — дейді оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Айзада Алиева.