Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті
Сурет: Mail.kz

Доллар 7 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7, 22 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 422, 01 теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 
Ұлттық банктің 26 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 415, 12 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 423,75 теңге, сатып алу – 428,69 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 423,34 теңгеден болса, сатып алу құны – 426 теңге.