Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте 22,6 миллиметр қар жауды

Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте 22,6 миллиметр қар жауды
almaty-akshamy.kz

Бұл ретте орташа көпжылдық мәні 25,9 миллиметрді қамтиды.

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, 18 қарашада Петропавлдағы метеостанция 24 миллиметр жауын-шашынды тіркеген. Ал қараша айының басынан бастап 32,8 миллиметр жауған. Ондағы орташа көпжылдық мән – 30 миллиметр.

Кеше Есіл ауданының Явленка ауылына 19,4 миллиметр, ал Ясновка ауылына 45,4 миллиметр қар түскен. Шал ақын ауданындағы Сергеевкаға 31,7 миллиметр жауған. Ондағы орташа көп жылдық мән 26 миллиметр болып тіркелген.

Ал қардың ең аз мөлшері (5,6 миллиметр) Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында жауған. Ғ. Мүсірепов ауданының Андреевка ауылында және Ақжар ауданының Қызылтүс ауылында 5,8 миллиметр тіркелген.