Қазақстан ұлттық құрамасы Словения астанасы Любляна қаласына ұшып барды

Қазақстан ұлттық құрамасы  Словения астанасы Любляна қаласына ұшып барды
Сурет видео скрині
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Словенияға қарсы Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі маңызды әрі шешуші матчын өткізу Словения астанасы Любляна қаласына келді

Қазақстан футбол федерациясы Instagram-дағы парақшасында команда ойыншыларының Люблянаға жеткен сәтінен суреттер жариялады.

Шешуші кездесу 20 қарашадан 21-іне қараған түні Астана уақытымен 01:45-те "Стожице" стадионында өтеді. Жеңіске жеткен жағдайда, ұлттық құрама өз тарихында алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатына жолдама алады.