Алматыда Ұлыстың ұлы күніне арналған ғылыми жиын өтті

Алматыда Ұлыстың ұлы күніне арналған ғылыми жиын өтті
Сурет: Almaty.tv

 Алматыда «Наурыз: дәстүр және жаңғыру» атты көрме мен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жиынға келген баяндамашылар Наурыз мейрамының шығу тарихын тілге тиек етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Ал көрмеде қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салты, Наурыз мерекесінің тойлануы бейнеленген фотосуреттер ел назарына ұсынылды. Іс-шара барысында қонақтарға наурызкөже таратылып, зергерлер шеберлік сағатын өткізді.

«Негізінен, енді жыл басталды деуге болады. Жиында студенттерге Наурыздың қалай басталатыны, оның қандай салт-дәстүрлері бар екені туралы өте жақсы мағлұматтар берді. Наурыз айында үлкен тұщымды жақсы конференция өтті», - деді Алматы қаласы музейінің жетекшісі Бақберген Тайшиев.

«Қазақтың дәстүрлі рухани, материалдық мәдениетіне тек тарихи тұрғыдан қарамаймыз. Оны бүгінгі жастарымызға осы үлкен сабақ, үлгі ретінде қарастырамыз», - дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті археология және этнология кафедрасының профессоры Әбдеш Төлеубаев.