Сингапур қайтадан маска тақты

Сингапур қайтадан маска тақты
Сурет: A-star.edu.sg

Коронавирус қайта күшейді.

Сингапур денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 індетіне шалдыққандардың саны бір аптада 32 035-тен 56 043-ке дейін өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Business Standard басылымына сілтеме жасап.

Сингапурда COVID-19 жағдайларының күрт өсуі мен ауруханаға жатқызылған науқастардың көбеюіне байланысты маска тағу режимі қайтадан енгізілді.

Билік халықты жедел респираторлық инфекция белгілері болса үйде болуға, бетперде киюге және әлеуметтік қарым-қатынасты азайтуға шақырады. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация және оның ауыр аурудың алдын алудағы тиімділігі туралы ақпаратты таратып, үгіт-насихат жұмыстарын күшейткен.

Елге келген саяхатшылардан әуежайларда бетперде кию, туристік сақтандыруды сатып алу және нашар желдетілетін және адам көп жиналатын орындарды маршруттан шығару сияқты алдын алу шараларын қабылдау ұсынылды.