Сингапур аспанын тұман басты

Сингапур аспанын тұман басты
Сурет:видеодан алынды

Көрші Индонезиядағы орман өртінің түтіні бірнеше мемлекеттің аумағына тарады.

Нақтырақ айтқанда, Сингапурдың шығыс және орталық бөлігінде ауа сапасы нашарлап, қауіпті деңгейден асып кетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындар бас ауруы мен тыныс алудың қиындауына шағымданып отыр. Ел билігі далада ұзақ уақыт жүрмеу жөнінде ескертті. Жалпы қоршаған ортаны қорғау, оңтүстік-шығыс Азиядағы күрделі мәселелердің бірі болып есептеледі. Күні кеше ғана Малайзия билігі де Индонезияға айып таққан еді.