115 мопед пен самокат жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

115 мопед пен самокат жүргізушісі жауапкершілікке тартылды Сурет: ашық дереккөз

Алматыда мопед пен самокат жүргізушілері бір тәулік ішінде 115 тәртіп бұзушылық жасаған, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жергілікті полиция қызметінің патрульдік және ювеналды полиция қызметкерлері арнайы рейд жүргізді.



– Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің талаптарын, жол қиылыстарынан өту ережелерін, қорғаныс құралдарын міндетті пайдалану талаптарын елемей, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 47- і самокат пайдаланушылары, 68-і мопедист. Кәмелетке толмағандардың микромобиль көлігін пайдалануына ерекше назар аударылды. Балаларына самокат пен мопед мінуге рұқсат берген сегіз ата-ана жауапқа тартылды. Кейбір жағдайларда балалар мектепке осы көлікпен келген, бұл жалпы заң мен қауіпсіздік нормаларына қайшы келеді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.



Бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері самокаттардың қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алған.   Ал мопедтердің қатысуымен 292 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 14 адам қаза тапты, былтыр екі адам қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:50

14:11

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59