Си Цзиньпин Мәскеуге ұшып келді

Си Цзиньпин Мәскеуге ұшып келді
Сурет: ашық дереккөз

Қытай Президентінің ұшағы Мәскеудің Внуково-2 әуежайына қонды.  

Си Цзиньпин Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге ұшып барды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Келіссөздер сейсенбі күні басталады. Бірақ, көшбасшылар дүйсенбіде бейресми тілдесті.

«Путин мен Си Цзиньпин арасында тікелей және өте маңызды байланыс болады», - деді Кремль өкілі Дмитрий Песков.

Айта кетейік, кеше кешкісін Қытайдың «Жэньминь жибао» газетінде Ресей Президенті Владимир Путиннің мақаласы жарияланды. Дәл сол уақытта Қытай президенті Си Цзиньпиннің де Мәскеу мен Бейжің арасындағы байланыс, Ресей мен Украина арасындағы соғыс туралы мақаласы жарық көрді.