Қашаған мұнайы Ақтау-Баку бағыты арқылы тасымалдана бастады

Қашаған мұнайы Ақтау-Баку бағыты арқылы тасымалдана бастады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық «Қашаған» кенішінен алынған мұнай Каспий теңізі арқылы Ақтау-Баку бағытында тасымалдана бастады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Жаңа бағыт бойынша тасымал «Әзірбайжан Каспий теңіз пароходы» ЖАҚ (ASCO) Теңіз көлік флотына қарасты «Академик Хошбахт Юсифзаде» танкерінің көмегімен жүзеге асырылады.

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, бірінші партия аясында танкердің резервуарына барлығы 6 900 тонна шикі мұнай тиелген. Ақтау портынан сапарға шықан танкер Әзірбайжанның «Сангачал» терминалына жеткізіледі.

Айта кетейік, Президент Ильхам Алиевтің қатысуымен 2022 жылы іске қосылған «Академик Хошбахт Юсифзаде» танкері 7800 тонна жүк көтере алады. Бұл танкермен мұнаймен қатар химиялық өнімдерді де тасымалдауға болады.