Швейцарияда шаңғымен «Тур де Ски» жарысы басталды

Швейцарияда  шаңғымен  «Тур де Ски»  жарысы басталды
Сурет: Оlympic.kz

Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитет мәлім етті

Бүгін Швейцарияның Ленцерхайд қаласында шаңғымен жарысудан «Тур де Ски» бәсекесі басталады. 4 қаңтарда аяқталатын турнир жалпы есебі үш қалада өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Биылғы доданы Ленцерхайдтан бөлек, Германияның Оберстдорф және Италияның Валь-ди-Фьемме қалалары қабылдайды. 

28 желтоқсан күні ерлер мен әйелдер арасында еркін әдіспен спринт жеңімпаздары анықталады. Содан соң, классикалық әдіспен жекелей сын бәсекесі өтеді. Соңғы жарыс күніне ерлер мен әйелдер арасындағы масс-старт жоспарланған. 

«Тур де ски» көпкүндігі 2006/2007 жылғы маусымнан бері әлем кубогі аясында өткізіліп келеді.