Алматыда екі автобус бағыты уақытша өзгереді

Алматыда екі автобус бағыты уақытша өзгереді
Сурет: Vlast.kz

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтар

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты №27 және 118 бағытындағы автобустардың бағыты ауысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының көлік холдингі хабарлағандай, «Әділет авто» ЖШС-нің №27 және «АлматыЭлектроТранс» ЖШС-нің №118 автобустары қозғалыс сызбасын уақытша өзгертті. Енді олар Алатау көшесімен жүріп бара жатқанда, Сәбденов көшесіне бұрылмай, бірден Райымбек даңғылына дейін барады. №27 автобус қолданыстағы сызба бойынша жүреді. №118 автобус Райымбек даңғылынан Жуалы көшесіне бұрылады, содан кейін Жақыбаев көшесіне шығады, әрі қарай сызба бойынша жүреді. Кері бағыттағы қозғалыс өзгеріссіз қалады.