Шымкентте жоғалған 15 жастағы қыз әлі табылмады

Шымкентте жоғалған 15 жастағы қыз әлі табылмады
Сурет: Ашық дереккөзі

Оқушыны көрген-білгендер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Шымкентте жоғалған 15 жастағы қыз әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әнел Сағидуллаева 30 желтоқсанда Шұбаркөл көшесі, 315 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Анасының айтуынша, өзімен телефоны да, ақшасы да жоқ.

Жасөспірімнің белгілері: бойы 165-170 сантиметр, шашы ұзын, түсі - қара қоңыр.

Ол қара күрте мен шалбар киген, аяғында ашық түсті спорттық аяқ киім. Оқушыны көрген-білгендер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.