ШЫҰ сауда-саттық өркендеуде

ШЫҰ сауда-саттық өркендеуде
Сурет: Еxternat.foxford.ru

Өзара сауда қарқынды дамуда

Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы небәрі 7 айда 19% өсіп, 36,5 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com cайтына сілтеме жасап.

Жетекші салалардың бірі – агроөнеркәсіп. Мұнда жыл сайын айтарлықтай өсу байқалады. Транзиттік-көліктік әлеует те елеулі прогресті көрсетіп отыр.

Еліміз арқылы өтетін жүк тасымалы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жыл басынан бері 25%-ға артық.

Жалпы, пандемияға қарамастан, осы жылдың 7 айында ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 40%-ға өсті. ШЫҰ елдері бүгінде қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес.

Олар түрлі саладағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуді жоспарлап отыр. Одан басқа ұйым азық-түлік қауіпсіздігі резервін және азық-түлік секторында инвестициялық қор құруды жоспарлауда.

«Өз тарапымыздан ШЫҰ елдерінен азық-түлік, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға дайынбыз. Бұл елдер арасындағы өзара сауда теңгеріміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Аталмыш шаралар практикалық ынтымақтастықтың берік негізін қалайды», - деді ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьер-Министрі Ли Кецян.