Шетелдік көлікті заңдастырмағандарға қандай жаза қолданылады?

Шетелдік көлікті заңдастырмағандарға қандай жаза қолданылады?
Сурет:Мassaget.kz

Шетелдік көліктерді заңдастыру – бір реттік акция.

Қазір еліміз бойынша сақтандыру полисі арқылы жүрген 300 мыңнан астам шетелдік автомобиль бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков жауап берді.

«Шетелдік көліктерді заңдастыру – бір реттік акция. Ол биыл 23 қаңтарда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады. Шетелдік автомобильді талап бойынша тіркемеген жағдайда заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылады. Еліміздегі шетелдік көліктердің дені сақтандыру полисі негізінде қолданылып жүр. Егер автомобильді белгіленген уақытта заңдастырмаған жағдайда, сақтандыру полисі тоқтатылып, көлік коммуналдық автотұраққа қойылады», - деді Елжан Чупеков.