Шенген визасын рәсімдеу өзгермейді

Шенген визасын рәсімдеу өзгермейді
Сурет: Qaz365.kz

Қазақстан азаматтары үшін Еуропалық Одақтың шенген визасын рәсімдеуде наурыз айынан бастап өзгерістер болмайды.

Ортақ аймақ елімізді қара тізім қатарына енгізген жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Қазақстандағы ЕуроОдақ өкілдігі хабарлаған. Ұйымның мәлімдеуінше, Қазақстан азаматтарына шенген визасын одаққа мүше елдердің консулдығы 15 күн ішінде рәсімдейді. Кей жағдайларды бұл процесс 45 күнге созылуы мүмкін екенін ескертеді.