Мәдениет және архив қызметкерлерінің айлығы тағы 22%-ға көбейді

Мәдениет және архив қызметкерлерінің айлығы тағы 22%-ға көбейді
Сурет: Нomsk.com

Бұл - Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет.

Екі жылда 64 мыңға жуық мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 45%-ға көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"2023 жылдың қаңтарынан барлық санаттағы қызметкерлердің айлығы өскенін атап өту керек. Басшылар мен жетекшілер, негізгі персоналмен қатар, еден жуушы, күзетші, вахтер секілді жұмыскерлердің де еңбекақысы көтерілді", – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов.

Ақпаратқа сәйкес, "Ұлттық" мәртебесі бар 5 мәдениет ұйымы қызметкерлерінің жалақысы екі есеге жуық артқан. Ведомство болашақта бұл нысандардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.