Шекарадағы көлік кептелісі туралы ҰҚК мәлімдеме жасады

Шекарадағы көлік кептелісі туралы ҰҚК мәлімдеме жасады
Сурет: интернеттен

Бұдан бұрын екі ел шекарасындағы кептеліс туралы хабарлағанбыз.

Кептеліске маусымдық жүк ағымының артуы негізгі себеп болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметімен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылды

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, қырғыз-қазақ шекарасында қырғыз жағынан «Ақ-тілек» (Қырғыз Республикасы) – «Қарасу» (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелісі белгіленген.

Кептеліске жеміс-көкөніс өнімдерін және жалпы Қазақстан арқылы жүктерді транзиттік өткізуімен байланысты маусымдық жүк ағымының артуы негізгі себеп болған. «Қарасу» өткізу пунктінің кіруге өткізім мүмкіндігі – тәулігіне 300 көлік (19 қарашада 283 көлік өткізілген), – делінген хабарламада.