Шекарада көгенделген көліктер

Шекарада көгенделген көліктер
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық жүк көліктері Польша мен Беларусь шекарасында тұрып қалды.

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар екі күннен бері Беларусь пен Польша шекарасында тұр. Польша еуропалық көліктерден басқа барлық жүк көліктері үшін жалғыз өткізу пунктін жапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар қазіргі жағдайды айтты.

«Польшаға шекара жабылды. Біздің көлікті кіргізбеді, кері қайтарды. Мен шекарада екінші күн бойы қозғалыссыз жүк көліктерінің қатарында тұрмын. Бірақ бұл жерде тек Еуроодақ көліктерін өткізіп жатқан сияқты. Біз тұрмыз, пәрменді күтіп, не болады, белгісіз. Әзірге нақты қайтаратыны белгісіз, бірақ мен басшыларымнан пәрмен күтемін», - дейді қазақстандық жүргізуші Александр Тихонов.

20 ақпанда Польша Үкіметі Кукурыки (PL) - Козловичи (BY) шекаралық өткелінде жүк тасымалына шектеу қою туралы шешім қабылдағаны анықталды.

«Шектеулер Тереспольдегі шекара өткеліндегі жолаушылар тасымалына қолданылмайды. Жүк көліктерін ресімдеу бойынша шектеулер Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерде, Еуропалық еркін сауда қауымдастығында (ЕАТ) - Еуропалық экономикалық аймақ туралы келісім тараптарында және Швейцария Конфедерациясында тіркелген көлік құралдарына қолданылмайды», - делінген хабарламада.

Жоғарыда көрсетілгеннен басқа аймақтарда тіркелген көліктер Кукурыкиде шекарадан өте алмайтыны атап өтілді. Қозғалысты тоқтата тұру 21 ақпаннан бастап сағат 19.00-ден кейін арнайы бұйрық берілгенге дейін қолданылады.

Айта кетейік, Польша-Беларусь шекарасында алты бақылау-өткізу бекеті бар. Оның төртеуі Варшаваның бастамасымен жұмыс істемейді. Енді бесінші тармақ та шектеулерге ұшырады. Нәтижесінде тек бір ғана Тересполь-Брест нүктесі ашық, бірақ ол тек автомобильдер мен жолаушылар көлігі үшін пайдаланылады.

Қазақстандық көлік-логистикалық компаниялар Қазақстан Үкіметінен бұл мәселені шешуге көмектесуді сұрады, себебі бұл шектеу Еуропадан/Еуропаға жүк жеткізуді қиындатады.