Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ngzt.ru

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 5-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Синоптиктер  антициклон ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құрғақ, желсіз болады деп болжап отыр. Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне қарай қар жауады, жел тұрып, жаяу бұрқасын соғады. Қазақстан бойынша тұман түседі.