Сейфуллин-Жансүгіров бойындағы жолайрық қашан аяқталатыны белгілі болды

Сейфуллин-Жансүгіров бойындағы жолайрық қашан аяқталатыны белгілі болды
almaty-akshamy.kz

Алматыда Сейфуллин-Жансүгіров бойындағы жолайрығы жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Әуезов ауданы  тұрғынының сұрағы: Саин, Сейфуллин көшелерін қолға алыңыз. Өйткені автобуспен олардың бойымен ұзақ жүресің. Тіпті, вокзалға әрең жетесің. 

- Біз маршруттарды дұрыс құру және оларды қаланың мүмкіндіктеріне сәйкес оңтайлы ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Мен Алматының мобильділік басқармасының бастығына Саин көшесі бойымен вокзалға қала көліктерімен жетуге қатысты тапсырма беремін. Сейфуллин көшесінде біз жұмысты бастадық, оның ішінде Сейфуллин-Райымбек қиылысында.  Ал бізде Сейфуллин-Жансүгіров бойындағы жолайрығының құрылысы әлі біткен жоқ. Барлық жұмыстар аяқталған соң, көлікпен жүру  де оңай болады.  Жолайрығының құрылысын келесі жылдың соңына дейін аяқтаймыз, - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

- Біз Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында көзделген қаланың көлік құрылымын әзірлеуді бастадық. Біз таңертең де, кешке де Саин көшесіндегі жүктемеге қатысты мәселені қарастырамыз. Көлік құрылымы негізінде біз осы мәселені шешу үшін өзгерістер енгіземіз, - деп жауап берді Мобильділік басқармасының  басшысы Сағындық Телібаев.