Емханаларға тіркелу науқаны: алматылықтарға медициналық ұйымдарды таңдау тәртібі туралы еске салды

Емханаларға тіркелу науқаны: алматылықтарға медициналық ұйымдарды таңдау тәртібі туралы еске салды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда жыл сайын емханаларға тіркелу науқаны басталады.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызмет және мониторинг, талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Ләйлә Иманғалиева 15 қарашаға дейін алматылықтар қалай және қайда тіркелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарланғандай, Алматыда 76 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы жұмыс істейді, оның 40-ы мемлекеттік және 36-сы жеке меншік нысанды. Олардың барлығы ТМККК және МӘМС шеңберінде қызмет көрсетеді.

Екі әдіспен тіркелуге болады: бірінші әдіс - алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тікелей хабарласу, екінші әдіс – «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы.

Айта кету керек, пациенттерге жылына бір ретке дейін еркін таңдау құқығы бойынша науқаннан тыс емханаға тіркелу мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ, жұмыс немесе оқу орны көшкен және ауысқан жағдайларда, сондай-ақ медициналық мекеме таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде.

Жеке тұлғаларды МСАК ұйымдарына бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және қағидаттарда жүзеге асырылады:
- отбасылық қызмет көрсету принципі;
- МСАК аумақтық қолжетімділігі;
- МСАК аумақтық қолжетімділігі шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;
- пациенттің медициналық көмектің сапасына қанағаттануы;
- меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан тең құқылы және адал бәсекелестік.

Еңбек мигранттарын тіркеуге келетін болсақ, Ішкі істер органдары беретін уақытша тұруға рұқсат құжат қажет.

«Бұл құжатта шетелдіктің болу мерзімі көрсетіледі, дәл осы мерзімге медициналық ұйым еңбек мигранттарын бекітеді. Тіркеуге сұрау салу дұрыс жасалған кезде көрсетілген мерзім өткеннен кейін шетелдік ұйымнан автоматты түрде тіркеуден шығарылады», - деп түсіндірді Л.Иманғалиева.

Тіркеу науқаны тек ӘМС қорының деректер базасында тіркелген медициналық ұйымдар арасында жүзеге асырылады. Қордың https://fms.kz/kz/ сайтында тіркелуге болатын емханалар тізімімен танысуға болады.