Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды
globalnews.kz
Жетісу облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

"Прокурордың өтінішхаты негізінде сотталушының басқа елдерге одан әрі кетуіне жол бермеу және оның тұрған жерін анықтау мақсатында судья сотталушы С.Күдебаевқа халықаралық іздеу жариялады, – деді сот.

Бүгінгі таңда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 324-бабына сәйкес, іздеу жариялануына байланысты іс тоқтатылды.

Бұған дейін БАҚ Күдебаевтың шетелге қашып кеткенін хабарлаған болатын.  Ол Қырғызстанмен шекараны заңсыз кесіп өтіп, ол жерден Өзбекстан арқылы Солтүстік Кипрге немесе Түркияға ұшып кетуі мүмкін. 

Еске салайық, наурыз айының басында Серік Күдебаев ауруханаға түсіп, соңғы сөзін айту үшін сотқа келмеді. Кейін бұл процесс бірнеше рет кейінге шегерілді. Айта кетейік, прокурорлар оған "өкілеттілігін асыра пайдаланды" деген айыппен 9 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.