Семейде мұғалімдерді көше тазалауға шығарғандар жауапқа тартылады - министр

Семейде мұғалімдерді көше тазалауға шығарғандар жауапқа тартылады - министр
Cурет: Ашық дереккөз

Бұған дейін 200-дей басшы жазаланған

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Семейде мұғалімдерді көше тазалауға жібергендерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұған дейін отандық БАҚ-та Семей қаласында мұғалімдерді көше тазалау жұмысына тартқаны туралы мәлімет тараған. 

Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген. Шамасы, мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, осындай мазмұндағы хат мектептерге таратылған, -деп жазды министр facebook-тегі парақшасына.

Оның айтуынша, 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған Заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынады. Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсіну үшін уақыт жеткілікті болған. 

Мұндай бұзушылықтар үшін екі жүзге жуық басшы жазаланды. Олар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан шығарылды. Семей қаласындағы оқиғаға байланысты білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіліп жатыр. Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатыстылығы расталған жағдайда, аталған лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады,-деп жазды А. Аймағамбетов. 

Сондай-ақ ол қажетті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінетіндерін және қалалық білім бөлімінің басшысы да жауапкершілікке тартылады мәлімдеді.