Балқаш маңында ұшақ құлады

Балқаш маңында ұшақ құлады
Cурет: pixabay.com

Әуе кемесі бортында бір экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған

Алматы облысында Балқаш маңында жеңіл моторлы чартерлік ұшақ құлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, ұшақ аспанға көтерілу кезінде аударылып кеткен.

«17 қазанда Cessna 182 әуе кемесімен чартерлік рейс орындалған. Сағат 11:15-те Қарағанды брифингіне командир хабарламасы жетті. Ұшақ аударылып кеткен», – делінген министрлік хабарламасында.

Әуе кемесі бортында бір экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған.

Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке жүгінбеген.

Ұшақ толықтай қирағаны хабарланып отыр.