Сайланған әкімдердің орташа жасы - 46,7

Сайланған әкімдердің орташа жасы - 46,7
Сурет: ашық дереккөз

5 қараша күні алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті. 

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындылары туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өкілеттіктерге сәйкес облыстардың мәслихаттары осы сайлауды өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекітті. 1553 сайлау комиссиялары жұмылдырылды. Сайлау балама негізде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді. Сайлаушылардың келуі - 62,79 пайызды құрады. Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды. Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Сайлау процесін бақылауды  8500-ге жуық кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері жүзеге асырды»,- деп жазылған хабарламада.

Сайлаудың  қорытындысы 17 өңірдің интернет-ресурсында толығырақ жарияланған.