Brent маркалы мұнай барреліне 111,13 доллар болды

Brent маркалы мұнай барреліне 111,13 доллар  болды
Сурет: Ria.ru

Бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан $0,91 төмен.

Жұма күні мұнай бағасы түсе басатады, бірақ әлемдегі энергоресурсқа деген сұраныс арттыруы мүмкін деген оптимистік көзқарасқа байланысты апта бағаның өсуімен аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.

Нарықтағы бағаның өсуіне әлемдегі орталық банктердің ақша-несие саясатын жедел қатайтуы аясында әлемдік экономиканың өсуі баяулайды деген болжам әсер етіп отыр.

Лондондық ICE Futures биржасында жұма күні мәскеу уақытымен 8:15-те Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны барреліне $111,13 құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан $0,91 (0,81%) төмен. Бейсенбі күнгі сауданың нәтижесінде бұл келісімшарттар бір баррель үшін $2,93 (2,7%) қымбаттап, $112,04 құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін барреліне $108,75 құрады, бұл алдыңғы сессияның қорытынды құнынан $1,14 (1,04%) төмен. Бейсенбіде бұл келісімшарттардың құны барреліне $2,89 (2,7%) өсіп, $109,89 құрады.