Саудада доллар арзандады

Саудада доллар арзандады
Сурет: ашық дереккөз
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,54 теңгеге төмендеп, 459,46 теңге болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 64,29 теңге (-0,21) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 499,32 теңге, рубльді 5,03 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 460,3-462,3 теңге, еуро 496-498,5 теңге, ресей рублі 4,99-5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал әлемдік мұнай бағасы 6 желтоқсандағы саудада төмендей түсті.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің бағасы 1,53%-ға төмендеп, барреліне 77 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қаңтардағы баға белгіленімі 1,31%-ға төмендеп, барреліне 72,14 доллар болды.