Еліміз бен Қырғызстан арасындағы сауда-саттық көлемі артып келеді

Еліміз бен Қырғызстан арасындағы сауда-саттық көлемі артып келеді
Сурет: Ult.kz

Сауда-саттық жандануда.

Жақында Қазақстан мен Қырғыстан 13 млн долларға тауар сату жөнінде келісім жасасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqtv.com cілтеме жасап.

Бұл туралы еліміздің Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Негізінен азық-түлік, химия, фармацевтика құрылыс және машина жасауға қажетті тауарлар жеткізеді. Елдің сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне қарағанда, Қырғызстанның шет елдермен тауар айналымында Қазақстан 3-орында тұр. Бұл елде біздің кәсіпкерлермен бірлескен 334 кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл бес айдың өзінде екі ел 329 млн долларға жуық сауда жасаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% көп.

Тараптар алдағы уақытта бұл көрсеткішті 1 млрд долларға жеткізуге ниетті.