Бұл Жолдау шын мәнінде халықтың көптен күткен жаңалығы, жақсылығы болды - жазушы

Бұл Жолдау шын мәнінде халықтың көптен күткен жаңалығы, жақсылығы болды - жазушы
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Президент Жолдауында мынауысы қате болды-ау дейтіндей ештеңе жоқ.

Мұндай пікірді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Кәдірбек Сегізбай білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бұл Жолдау шын мәніндегі халықтың күткен жаңалығы, жақсылығы көп жолдау болды.Өзі санап тұрып тоғыз пункт шығарды. Мынауысы қате болды-ау дейтін ештеңесі жоқ. Ең алдымен айтарым - мынау заң мәселесін жолға түсіру. Сосын көптен бері айтылып жүрген әйелдер жыл сайын, ай сайын айтып жүрген 2-3 айдан қосылып отыратын зейнетке шығару жасы. Қазір 61 деп бір жыл өткізіп тастады. 61 деген тым кәрілік жасы емес, тым жас та емес, орта шеніндегі дәлі ғой деп ойлаймын. Сондықтан бүкіл Қазақстанның әйел қауымы осы хабарға қатты қуанып жатқан шығар деген ой бар», - дейді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Кәдірбек Сегізбай.