«Жыр жазамын жүрегімнен»

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

«Жыр жазамын жүрегімнен» sputnik.kz

Өнер бесігінде тербеліп өскен, ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған Жамбыл Жабаев ақын, жауынгер жыршы болды. Ол - шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы тұлға. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Ақынның шығармашылығы жыраулық поэзияның шарықтау шегі мен ақындықтың басталу аясы деп көрсетіледі. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды.



«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз». Сәкен Сейфуллин  



Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мемлекеттік бағдарламасы аясында  «Жыр жазамын жүрегімнен» атты және қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл мерейтойына орай лицейішілік жыр мүшәйрасы болып өтті.


Бұл мүшайраның ережесі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласының негізгі қағидасын, игілікті идеясын насихаттау, Елбасы  мақаласының негізінде тәуелсіз қазақ елінің тарихын, рухани жаңғыру, «Мәңгілік Ел» идеясын жырлаған туындылар мен сөздің дүлділі, жырау, жыршысы Жамбыл Жабаевқа арналған өлеңдер және еркін тақырыптағы поэзиялық шығармалар ұсынылады.


Мүшайраның мақсаты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашу, жастар бойында ұлттық мәдени құндылықтарға құрмет сезімін, патриоттық рухты қалыптастыру және сөздің дүлділі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау әрі жас таланттар шығармашылығына жол ашу болатын.


Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жас  ұрпақтың сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді деп оқушыларымыздың үздік үш туындысын ұсынып отырмыз.


 ЕЛІМЕ АРНАУ


Көрмесек те өмірдің көп сынағын,


Айтайыншы халықтың мен сұрауын.


Бүгінгінің батырын мен жырлайын


Бойында батырлығы мықты басым.


 


Бүгінгінің батыры – дәрігерлер,


Науқас үшін тікеден тік тұратын.


Бүгінгінің батыры – мұғалімдер


Жүректері шәкіртім деп соғатын.


 


Бүгінгінің батыры – жақсы адамдар


Жақсылық жасау үшін ұмтылатын.


Ағайын, батырларды бағалайық,


Осы адамдар ақтайтын ел мұратын.


Телібай Ескендір, 8 «Б» сынып оқушысы


 


МӘҢГІІЛК ЕЛ



Шабыттай Шалқұйрығым бабына кел,


Көмейден сүттей өлең ағыла бер.


Даланың жеті қырын жырға қоссам,


Жаратқан, Мәңгілік ел бағыма бер.


 


Тоныкөк пен Күлтегінге ұйытқандай,


Қазағым, ата салтқа бағына бер.


Тал егіп, ат баптап, ел қорғаған


Ежелден қыдыры дарыған ел.


 


Алтын адам табылған кең далаңнан,


Қазағым – озық бойлы, дамыған ел.


Тұяғыңнан хал кетпей, текті елім,


Бар әлемге тектілікпен таныла бер!


Телібай Ескендір, 8 «Б» сынып оқушысы


 


САҢЛАҚТАР



Елімнің атын шығарған,


Қолына көк түсті ту алған.


Елім, жерім, халқым деп,


Алдыңғы қатарға  тұра алған.


 


Көк туды көк аспанда желбіреткен,


Әнұранмен жүректі елжіреткен.


Қазақтың жігіттері жасай берсін,


Геннадий, Бақтиярдай, Әділбектер!


 


Ел сенімін ақтаған ерлерсіздер,


Азат елге алтын алып келгенсіздер.


Бейбіт күнде ел сенімін ақтай білген,


Бүгінгінің батырлары сіздерсіздер.


Ержанұлы Тәңірберген, 7 "Ә" сынып оқушысы


 


 


 



 


 


 

Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение