Алматыда бір тәулікте 7,4 мың адам вакцина алды

Алматыда бір тәулікте 7,4 мың адам вакцина алды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 7 469 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«27 қыркүйек күні 7469 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 746, II компонентін 4 723 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 27 қыркүйегі аралығында қалада 946 202 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 846 787 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 761 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.



Қалада 149 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 214 егу бригадасы бар.



«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27