Сатылған көлікке де салық төлене ме?

Сатылған көлікке де салық төлене ме?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

1 сәуірге дейін көлік салығын төлеу керек.

Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше, 2023 жыл ішінде автокөлікті сатып алу немесе сату жағдайында жылдық салықтың есептелген сомасы 12-ге бөлінеді және нақты иелік ету айларының санына көбейтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мысалы, биыл 5 айға көлік алған болсаңыз, салық төлемі 5 айға төленеді. Өз кезегінде сатып алушы тарап салықты көлікті сатып алған айдан бастап төлейді.

"Егер сізге 2023 жылдың басына дейін сатылған көлік құралы үшін салық сомасы ұсынылса, мұндай көліктің уәкілетті органда іс жүзінде есептен шығарылғанына көз жеткізу керек", - деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Комитет 2023 жылға арналған көлік құралдары салығы сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz веб-порталындағы "Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер" қызметінде, сондай-ақ "e-Salyq Azamat" және екінші деңгейлі мобильді қосымшаларында орналастырылғанын еске салды. Төлем мерзімі - 2024 жылдың 1 сәуірі.

Бұл ретте салық органдары есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің деректері бойынша салықты есептейді.

2023 жылға арналған салықты есептеу кезінде көрсетілген кезеңде қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге сомасында пайдаланылды.